«Қарағанды облыстық сотының төрағасы Мұсабек Әлімбеков сот ұжымына жаңа әкімші Бақдәулет Нүрпейісовті таныстырды. Бұдан бұрын ол ҚР Жоғарғы соты жанындағы соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментін материалдық-техникалық жарақтау секторының меңгерушісі болған», - делінген хабарламада.
Мәжілісте әріптестер Жезқазған аудандық сотының төрағасы Марат Көкішев пен Осакаров аудандық сотының судьясы Талғат Құрмановты мерейтойларымен құттықтады. Сот жүйесінің тыныс-тіршілігіне ерекше үлес қосқаны үшін ҚР Судьялар одағы Орталық кеңесінің құрмет грамотасымен облыстың соттармен өзара іс-әрекет кеңесінің мүшесі Сағат Батырхановты марапаттады.