«Қарағанды облысы әкімінің су тасқынын кешенді тексеру үшін ғарыштық бақылау дерегін қолдану тапсырмасы бойынша, төтенше жағдайлар департаменті мен «Қазақстан Ғарыш Сапары» акционерлік қоғамы арасында қызмет көрсету бойынша келісімшарт жасалғанын хабарлаймын», - деп мәлімдеді Қарағанды облыстық ТЖ департаментінің басшысы Ибрагим Күлшімбаев.
Компания Жерді ғарыштан бақылау дерегін құтқарушыларға беріп, су тасқынының көрінісін нақты сипаттауға мүмкіндік береді.
«Жасалған келісімшарт аясында, 1 наурыздан бастап компания мамандары тәулігіне екі рет қардың түсуі, өзен суының ағысы және облыс аумағындағы судың тасқыны туралы ғарыштан түсірілген суреттерді бере бастады, - деді Ибрагим Күлшімбаев. - жалпы алғанда, су тасқынына қарсы іс-шараларды жүргізу жұмыстары басты назарға алынған. 6 наурыздан 6 сәуірге дейін елді мекендерді су тасқыны кезеңіне дайындау айы деп жариялауды ұсынамын.
Жедел қызметтің су тасқыны кезеңінде төтенше жағдайды жоюға әзірлігі 9-10 наурыз аралығында өтетін «Көктем 2017» республикалық топтық-штабтық оқу-жаттығуы барысында тексеріледі.