Таяу уақытқа болжамды «Қазгидромет» РМК-ның облыстық директорының орынбасары Валерий Стратиенко жасады. «Егер он күн ішінде күрт жылынып кетпей, ауа райы тұрақты болса, су тасқыны кезеңінен салдарсыз өтеміз», - деп атап өтті ол.
Облыстағы су қоймаларының жағдайы туралы Нұра-Сарысу бассейні инспекциясының басшысы баяндады. «Қазводхоз» РМК басшылығының ақпаратына сәйкес су тасқыны жағдайы облыстарда тұрақты өтуде, су ағызу жоспарлы режімде жүргізілуде.
Мәжіліс қорытындысы бойынша ТЖД басшысы тиісті тапсырмалар берді.