ТЖ қызметкерлері ек адамды судан құтқарды. Бір жазатайым оқиға Сәтбаев қаласында орын алған. 21 маусымда сағат 16:17-де Сәтбаев қаласының Айнакөл су қоймасында құтқарушылар 1966 жылы туған ер адамды қайықтарының бортына көтерді.
Ал 24 маусымда сағат 21:00-де Жезқазған қаласындағы Кеңгір су қоймасының акваториясын патрульдеу кезінде ТЖД Жедел-құтқару жасағының қызметкерлері 1967 жылы туған ер адамды құтқарған.
Айта кеткен жөн, облыстағы су қоймаларда адамдардың қаза болуы мен жарақаттануын болдырмау үшін құтқарушылар полициямен бірлесе отырып, рұқсат етілмеген демалыс орындарында рейдтер жүргізеді.