Облыстық ТЖД-да хабарланғандай, 11 шілдеде 21:10-да кезекші пультіне Самарқанд су қоймасының Песчаная коса аумағында бір адамның суға батып бара жатқаны туралы хабарлама түскен. Құтқарушылар айтылған жерге шұғыл жетіп, жағадан біраз жерге дейін ағып кеткен әйелді құтқарып қалды. Оны жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырды.
12:45, 12 Шілде 2018
Қарағанды облысында суға батып бара жатқан жүкті әйелді құтқарды
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Кеше Қарағанды облыстық ІІД құтқарушылары Самарқанд су қоймасында жүкті әйелді құтқарып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.