Қарағанды облысында тағы 13 мектеп НЗМ бағдарламасын іске қосады

None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Жаңа оқу жылынан бастап Қарағанды облысының тағы 13 мектебінде Назарбаев Зияткерлік мектептерінің тәжірибесін тарату жұмыстары басталады. Өткен оқу жылында НЗМ бағдарламасын 39 оқу орнында пайдалана бастады. Бұл туралы Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қарағанды облысының білім беруді дамытудың оқу-әдістемелікорталығынан хабарлағандай, НЗМ оқыту бағдарламасы өзінің тиімділігін көрсетіпотыр.

«Мұғалімдердің біліктілігі өсті, мектептер жаңа оқу бағдарламаларына көшеді,мұның барлығы жақсы нәтиже береді. Сондықтан жаңа оқу жылында НЗМ бағдарламасыбойынша жұмыс істейтін мектептер санын көбейту қажет деп шештік», - дейдіҚарағанды облысының білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығыдиректорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Гүлмира Көпбаева.

Жаңа оқу жылынан бастап №33, №85, «Мұрагер» мектептері мен Қарағандыдағы №3гимназия НЗМ тәжірибесін трансляциялау жұмыстарын бастайды. Балқаш қаласындағы№16 мектеп, Сәтбаев қаласындағы Абай атындағы №4 мектеп-лицейі, Шахтинскқаласындағы № 11 мектеп, Ақтоғай ауданы Сарышаған кентінің мектебі, Бұқар Жырауауданындағы кернеевка орта мектебі, Қарқаралы ауданы Егіндібұлақ ауылындағы № 5мектеп. Жаңаарқа ауданында Б. Амалбекова, Нұра ауданындағы Киев № 2 қазақмектебі және Шет ауданындағы Ш. Батталова атындағы мектеп,
Қарағанды облысында Назарбаев Зияткерлік мектептерінің оқу бағдарламасын 52мектепте пайдаланатын болады.