«АрселорМиттал Теміртау» компаниясына қарасты «Саран» шахтасында түнде өрт шыққаны белгілі болды. Арнайы құтқару тобының көмегімен барлық кеншілер аман-есен жер бетіне шығарылды.
«2023 жылғы 27 тамызда сағат 01:55-те «Саранская» шахтасынан өрт шығып, апатты жою жоспары енгізілді. Өрт сөндірілді. Барлық жұмысшылар жер бетіне шықты. Зардап шеккендер жоқ, себептері мен мән-жайы анықталуда», - деп мәлімдеді АрселорМиттал Теміртау баспасөз қызметі.
Еске сала кетейік, Қарағанды облысындағы «Қазақстан» шахтасында өрт 17 тамыз күні сағат 10:05-те тұтанды.
Апат кезінде жер астында 227 кенші болды. 222 адамды жер бетіне жедел көтеру мүмкін болды, сегізі зардап шекті.
Шахтаның астында қалып қойған бес кеншінің денесі табылды.