Қарағанды облысында тағы екі бала терезеден құлап кетті

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысында соңғы күндері қараусыз қалған балалардың терезеден құлап кету оқиғасы бесінші рет тіркеліп отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2 шілде күні Қарағанды қаласының 19 шағын ауданында ата-анасының қарауынсыз қалған екі жасар бала 8-қабаттағы пәтердің терезесінен абайсызда құлап кетіп, жазым болды. Бұдан тыс, Жезқазғанда да 2-қабаттағы пәтердің терезесінен төрт жастағы бала құлап кетті. Ол қаланың орталық ауруханасына жылдам жеткізілді», - деп мәлімдеді Қарағанды облыстық төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері.

Соңғы 5 күнде балалардың терезеден құлау оқиғасы осымен бесінші рет тіркеліп отыр.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қарағанды, Абай және Теміртау қалаларында да кішкентай балалардың терезеден абайсызда құлап кеткені туралы хабарланған болатын.

ТЖД ата-аналарды балаларды ерекше қадағалап, сақ болуға шақырады.