Республикалық «Қауіпсізжол» жедел-алдын алу іс-шарасы аясында мобильдік топ құрамы Қарағанды қаласындажұмыс істеді.
Іс-шараның біріншікүні жол қозғалысы ережесін бұзуғақатысты 540 факті анықталды. Тәртіп бұзушы жүргізушілер негізінен жылдамдықты асырған.Сонымен қатар, жалған нөмірі бар автокөлікті басқару, автомобильді заңсыз жабдықтау,қарама-қарсы жолаққа шығып кету, бағдаршамның тыйым салатын белгісіне өту жәнекөлікті мас күйде жүргізуге қатысты фактілер тіркелді.
Бір жыл бұрын, 2018жылғы 27 шілдеде ведомствоаралық жедел кеңесте облыс аумағында жолаушыларды,багажды заңсыз тасымалдаудың жолын кесу және стихиялық тұрақтарды жою мәселесіқаралған. Аталған кеңесте бірқатар тапсырма берілді. Осыған байланысты,Қарағанды облысы ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасы жолаушылар менбагажды заңсыз тасымалдаудың жолын кесу бойынша бірлескен іс-шаралар жоспарынәзірледі.
Аталған жоспардыкөліктік бақылау инспекциясы, Қарағанды облысының автомобиль жолдары жәнежолаушылар көлігі басқармасы, Қарағанды облысының Мемлекеттік кірістер департаменті,Қарағанды облысының ПД әкімшілік полиция басқармасы және Қарағанды көлікпрокуратуралары келісіп және бекітті.
Аталған жоспардыңіс-шараларын іске асыру үшін мобильдік топ құрылды. Қазіргі уақытта топмүшелері жолдағы кемшіліктер мен заң бұзушыларды анықтауды жалғастыруда.