«Вагондарда жолаушылар емес, тауар болған. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Вагондардың жолдан шығып кету себебі анықталуда», - деп хабарлады ТЖД баспасөз қызметінде.
Комиссия вагондардың жолдан қалай шығып кеткенін анықтайды. Рельстердің ақауы оқиғаға себепші болуы мүмкін деген бастапқы болжал жасалды. Оқиға пойыздар кестесіне әсер еткен жоқ.