Облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Бақытжан Құдияровтың хабарлауынша, жол-көлік оқиғасы сәрсенбі күні, 10 тамызда 16 сағат 00 минутта болды, деп хабарлады Vesti.ru.
Оның айтуынша, 17 адам апаттан кейін ауруханаға жеткізілген, соның ішінде машинист пен оның көмекшісі де бар. «Құрбан болғандар жоқ», - деді Құдияров.
Республика Қылмыстық кодексінің «Жол қозғалысы ережелерін бұзу немесе абайсызда адам денсаулығына орташа дәрежеде зиян келтіруге әкеп соққан көлік құралдарын пайдалану» бабы бойынша соталды тергеу шаралары жүргізілуде.
Тергеу барысында тиісті сараптамалар жүргізіледі.