Қарағанды облысында тепловоздың астына түсіп қалып, бір ер азамат мерт болды
14:30, 26 Желтоқсан 2009
ҚАРАҒАНДЫ. Желтоқсанның 26-сы. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - Қарағандыда путейская көшесіндегі теміржол өткелінде қайғылы оқиға орын алды,
деп хабарлады облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен.
«АрселорМиттал Теміртау» АҚ көмір департаментінің Қарағанды жүк тиеу-тасымалдау басқармасына қарасты тепловоздың машинисті 40-45 жастағы ер азаматты қағып кетіп, әлгі азамат алған жарақаттардан оқиға орнында көз жұмды», деп хабарлады ішкі істер департаментінен.