Қарағанды облысында тепловоздың астына түсіп қалып, бір ер азамат мерт болды

ҚАРАҒАНДЫ. Желтоқсанның 26-сы. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - Қарағандыда путейская көшесіндегі теміржол өткелінде қайғылы оқиға орын алды,

деп хабарлады    облыстық  ішкі істер  департаментінің  баспасөз қызметінен.

«АрселорМиттал Теміртау»  АҚ  көмір департаментінің   Қарағанды   жүк  тиеу-тасымалдау басқармасына қарасты  тепловоздың    машинисті   40-45  жастағы ер  азаматты   қағып  кетіп,  әлгі азамат   алған   жарақаттардан оқиға  орнында    көз жұмды»,  деп     хабарлады     ішкі істер  департаментінен.