Аумақтық комиссиялар ұсынған дерекке сәйкес, 5 маусым сағат 22:00-дегі жағдай бойынша тізімге енген азаматтардың 77,39 пайызы бюллетень алған.
Шет ауданының тұрғындары жоғары белсенділік танытты – дауыс бергендердің үлесі 87,1% құрады.
Естеріңізге сала кетейік, Қарағанды облысында 777 учаске жұмыс істеді.
Референдумға 880 мың қатысушы тіркелді.
Дауыс беру процесін партиялар мен қоғамдық бірлестік бақылаушылары қадағалады.