Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының міндетін атқарушы Қайрат Қамзин бағдарламаның іске асырылуы жөнінде баянадама жасады. «СарыАрқа» Әлеуметтік кәсіпкерлік корпорация» ҰК АҚ бағдарламасының бірінші бағыты бойынша Қарағандыда, Сәтбаев пен Саранда 9 көпқабатты тұрғын үйдің жөндеу жұмыстары аяқталды. Қарағанды қаласы әкімдігінің «Қалалық коммуналдық шаруашылық» ҚМК екінші бағыт бойынша Қарағанды қаласының 32 үйінде жөндеу жұмыстарын аяқтады», - деді ол.
Баяндамада мәлім етілгендей, биыл бағдарламаның екінші тетігі бойынша Теміртауда, Саран мен Балқашта, Қарағандыда, Шахтинскіде және Абай ауданында тағы да 49 көпқабатты үйді жөндеуден өткізу шаралары жоспарлануда.
«Кеңестің қорытындысы бойынша Ә. Құсайынов 2011 жылы басталған жөндеу жұмыстарын аяқтауға және ағымдағы жылы жасалған келісімдерге қатысты бірқатар тапсырмалар жүктеді. Оған қоса Қарағанды қаласының әкімдігіне қаржы-экономикалық негіздемені іске асыру, экономикалық сараптама мен 2013-2016 жылдары жөндеу жұмыстарын жалғастыру үшін «Жаңғырту-2020» ЖШС жарғылық капиталын толықтыруға қатысты қорытынды әзірлеуге тапсырмалар берілді», - деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі.