Қарағанды облысында тұрғын үйдегі өрттен бір адам ажал құшты

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қарағанды облысы Саран қаласының маңындағы Ақтас ауылында кеше сағат түнгі он жарымдар шамасында 5 қабатты тұрғын үйдің 1-ші қабатынан өрт шыққан.

Бұл туралы ҚР ТЖМ баспасөз қызметірнен хабарлайды.

Тілсіз жау Қарағанды облыстық ТЖД өрт сөндіру қызметінің жеке құрамының 11 адамы мен 3 техникасының көмегімен бір сағаттан кейін ауыздықталды. Оқиға орнынан 30 адам қауіпсіз жерге шығарылған, қаза тапқан бір адамның - 1963 жылы туған Н.Сиговтың мүрдесі табылды.