Қарағанды облысында тұрғын үйдегі өрттен қария қаза тапты

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қарағанды облысы Теміртау қаласы маңындағы Ақтау кентінде 5 қабатты тұрғын үйдің 1-ші қабатынан өрт шыққан.

Оқиға 7 маусым күні кешкі сағат 6 жарымдар шамасында болған. 1 шаршы метр аумақты шарпыған жалын өрт сөндіру қызметінің қызметкерлері келгенге дейін ауыздықталды.

Оқиға орнынан 1933 жылы туған И.Седорченконың мүрдесі табылды, деп хабарлайды ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен.