«Су тасқыны салдарынан Бұқар жырау ауданында орналасқан Жалғызқұдық ауылындағы бұлақта нитраттардың жоғары екендігі анықталған болатын. 2018 жылдың сәуірінде зертханалық тексеру барысында микробиологиялық және санитарлық-химиялық көрсеткіштері тексерілді. Сынама нәтижесі бойынша, су барлық санитарлық талаптарға сәйкес келеді», - деді департаменттің баспасөз қызметінен.
Бір ай бұрын мамандар мен жергілікті атқару органдарының өкілдері бұлақтың басына арнайы ақпараттық тақта іліп, бұл суды қолдануға тыйым салған еді.