Қарағанды облысында үш ауылдың аты өзгереді

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысындағы үш ауылдың - Щербаковское, Киевка және Дальнее ауылдарының атаулары өзгертіледі, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Ауылдардың атауын өзгерту туралы шешімді ономастикалық комиссия қабылдады. Үш ауыл Нұра және Осакаровский аудандарында орналасқан.

«Биыл күзден бастап, Нұра ауданындағы Щербаковское ауылы - Қайнар ауылы, Киевка кенті- Нұра ауылы, ал, Оскаровский ауданындағы Дальнее ауылы - Аманқоңыр деп аталатын болды», - деді Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта облыстық тілдерді дамыту жөніндегі онамастикалық басқарма бөлімінде ауыл атауларын өзгерту бойынша жобалар әзірленіп жатыр. Оның мақұлдануы мен бекітілуіне бір жарым немесе екі ай уақыт жұмсалады.

Сондай-ақ, аталған комиссия Нұра ауданына қарасты түрлі ауылдардағы 45 көшенің атауын өзгертуге шешім қабылдады.