Ұлытау ауданындағы Жыландау ауылына жақын жердегі Сарысу өзеніне шомылғанүш жасөспірім қыз суға кетті. Олардың екеуі 2002 жылғы екені белгілі болды, ал үшіншісінеқатысты мәлімет әлі анықталып жатыр. Жасөспірімдердің денесін жергіліктітұрғындар судан тауып алды.
Қазір қайғылы оқиғаның мән-жайы анықталу үстінде.
Қарағанды облысыныңТөтенше жағдайлар департаменті азаматтарды су айдындарында қауіпсіздікережелерін сақтауға шақырады.
Демалыс орындардасуға мас немесе есірткі қабылдаған күйде түсуге; суға қайықтан, кемелерден, бұлмақсатқа арналмаған заттардан секіруге; белгіден ары асып жүзіп кетуге; жүзугеарналмаған заттармен жүзуге; кемелерге жақындауға; су айдындарын ластауға; жағадажәне киім ауыстыратын жерде демалушыларды жарақаттауы мүмкін қоқысты тастауға;жалған көмек сұрап, дабыл қақпауға; техникалық және ескерту белгілерінеөрмелеуге; үлкен адамның қарауынсыз баланы суға жіберуге; шомылып жатқанбалаларды қараусыз қалдыруға тыйым салады.