Қарағанды облысында ұшақ апатқа ұшырады - ҚР ТЖМ
08:20, 09 Шілде 2013
АСТАНА. 9 шілде. ҚазАқпарат - Қарағанды облысының Бұқар Жырау ауданында Ростовка ауылынан 3 шақырым жерде орналасқан ұшу жолағында дүйсенбі күні сағат 19.00-де «Вильга» жекеменшік ұшағы апатқа ұшырады.
Бұл туралы ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен хабарлады.
Ұшақтың құлауы салдарынан 4 адам жапа шегіп, ауруханаға жатқызылды. Олардың ішінде ұшқыш та бар.