Ақтоғай аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері Шашубай ауылынан 10 шақырым жерде 39 жастағы жүргізуші тізгіндеген «Ниссан Патрол» маркалы автокөлігін ұстады.
Автокөліктің жүксалғышынан жалпы салмағы 300 келі болатын 6 қап балық тәркіленді.
Сондай-ақ, табиғат қорғау полициясының қызметкерлері Ақтоғай ауданының аумағында Балқаш қаласының 29 жастағы тұрғынын ұстады. Оның «Toyota Surf» маркалы автокөлігінен салмағы 110 келі болатын 3 қап балық табылды.
«Ұсталған азамат балықты заңсыз аулағанын мойындады. Балық ауланған жерден 400 метр тор тәркіленді. Екі факті бойынша ҚК 335-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», - деп хабарлады Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі.