Бұл жайлы облыс әкімінің м.а. Жеңіс Қасымбекке облыстың барлық құрылымдарының
«Біз еліміздің тынышты мен тұрақтылығын бұзу қаупінің куәгері болып отырмыз. Осы күндері көптеген өңірлерде бейбіт тұрғындар, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, бизнес нысандары, мемлекеттік мекемелер зардап шекті. Біздің өңірде жағдай тұрақты және бақылауда. Еліміздің басына туған осы бір қиын жағдайда азаматтарымыз даналық, сабырлық танытып, деструктивті күштердің арандатушылығына бой бермегені үшін алғысымызды айтамыз», - деді Жеңіс Қасымбек.
Ол сонымен қатар құқық қорғау органдарына қауіпсіздікті қамтамасыз еткені үшін алғысын білдірді. Ұлттық банктің Қарағанды филиалының директоры Ғазиз Шегеновтың айтуынша, банкоматтарды қолма-қол ақшамен толықтыру мәселесі шешілді. Облыста 23.00-ден таңғы сағат жетіге дейін коменданттық сағат енгізілді. Тәулік бойғы блок-бекеттер орнатылды. ТЖ режиміне байланысты интернет желісінде уақытша кідірістер болады. «Senim 109 жедел желісі жұмыс істейді. Оған хабарласып, тұрғындар ТЖ режиміне қатысты барлық алаңдатқан сауалдарына жауап ала алады. Барлықтарыңыздан енгізілген шектеу шараларына және интернеттің өшірілуіне түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз», - деп қосты Жеңіс Қасымбек. ТКШ, денсаулық сақтау, білім және басқа да салалар штаттық режимде жұмыс істеп жатыр. Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының жетекшісі Әсем Жүніспекованың мәлімдеуінше, зейнетақылар мен жәрдемақылар алушылардың жеке шоттарына аударылды. Өңір басшысы өміршендікті қамтамасыз ететін нысандардың жұмысын ерекше бақылауға алуды тапсырды. Ол интернетке мониторинг жүргізіп, арандатушылық ақпаратты таратуды анықтау бойынша тапсырма берді.
Облыс әкімі тұрғындарды арандатушылыққа бой бермей, тек ресми ақпаратқа сенуге шақырды.