«11 шілде күні 22:00-де Қарағандыны бетке алған «Фольксваген гольф» автомобилінің 21 жастағы жүргізушісі 53 жастағы ер адам жүргізіп келе жатқан «КамАЗ - 5320» жүк көлігімен соқтығысқан», - деп мәлім етті Қарағанды облыстық ІІД өкілдері.
Апат салдарынан «Фольксваген гольф» жүргізушісі оқиға орнында қаза тапқан, ал 17 жастағы жолаушы Шахтинск орталық ауруханасында жантәсілім етті. Жеңіл көліктегі тағы екі жолаушы ауруханада жатыр.
Осы дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы, 4-бөлігіне сәйкес іс қозғалып, тиісті сараптамалар белгіленді.