Қарағанды облысында жанжал барысында зейнеткер танысын, кейін өзін-өзі атты

АСТАНА. 19 шілде. ҚазАқпарат - Қарағанды облысында дау-дамайдың барысында зейнеткер  танысын, кейін өзін атып тастады.

Бұл туралы Қарағанды облысы ІІД-нің баспасөз қызметі хабарлады.

Қайғылы оқиға 18 шілде күні шамамен сағат 17.30-да Қарағанды қаласының саяжай қоғамының аумағында орын алған.

63 жастағы зейнеткер орын алған ұрыс-керістің барысында 12 калибрлік «ИЖ-18» аңшы мылтығымен Қарағанды қаласының 73 жастағы тұрғынын тура бетінен атып жіберген. Ол алған жарақатына байланысты оқиға орнында көз жұмды. Осыдан кейін зейнеткер өзінің кеудесінен атып, жантәсілім етті.

Соттық-медициналық сараптама белгілденді. Оқиға орнынан қару алынды. Тексеру амалдары жүргізілуде.