Қарағанды облысында жас дәрігерлерді тартудың ерекше әдісі қолданылуда

Қарағанды облысында жас дәрігерлерді тартудың ерекше әдісі қолданылуда

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысында жасдәрігерлерді тартудың жаңа әдісін ойлап тапты, депр хабарлайды өңір басшысыныңресми сайты.

Атап айтқанда, «Дипломмен ауылға» бағдарламасыбойынша келетін медициналық жоғары оқу орындарының түлектері үшін өзпәтерлерінің дизайны мен жобалауын таңдау мүмкіндігі беріледі.
Болашақ дәрігерлердіңтаңдауына 3 үйдегі 100 пәтер ұсынылады. Ол үшін Қарқаралыда 28 пәтер,Теміртауда 60 және Қаражалда 12 пәтер бөлінген. Өтініштер барлық мамандарданқабылданады. Алайда басымдық акушер-гинекологтарға, неонатологтарға,инфекционистерге және жалпы практикалық дәрігерлерге беріледі.
«Биылғы жыл - Жастар жылы деп жарияланған соң бізболашақ дәрігерлерге ыңғайлы болу үшін барлық мүмкіндіктерді жасап отырмыз.Тұрақты жұмыспен қоса түлектерге 100 АЕК көлемінде әлеуметтік қолдаукөрсетіледі. Және де тағы бір бонус - олар болашақ пәтерлерінің жобалауынөздері таңдайды»,-деп атап өтті Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасының жетекшісіЕржан Нұрлыбаев.
Денсаулық сақтау басқармасынан мәлім еткендей, олардың пәтерлеріндегі жөндеу жұмыстарыкезінде ауылдық дәрігерлерге уақытша баспана жалға беріледі. Өтініш беру үшінаудандық әкімдікке барып, барлық қажетті құжаттарды жинау керек. Өтініштерқаралған соң болашақ дәрігерлер пәтер дизайны мен жобасын ақылдасу үшінәңгімелесуге шақырылады.
Толық ақпараттарды мына 7 747 502 2959, 7 702 253 1155 нөмірі бойынша білуге болады.