Қарағанды облысында «Жас кәсіпкер» жобасы іске қосылады

Фото: None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысында 24 шілдеден бастап «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының «Жас кәсіпкер» білім беру жобасы басталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жобаға қатысуарқылы жастар бизнес негіздерін меңгеруге, өз ісін ашуға граттар 200 АЕК (505мың теңге) бастапқы капитал алуға, жылдық 6%-бен 8000 АЕК-ке дейінгі сомағажеңілдікті несие алуға мүмкіндік алады, дейді Аймақтық кәсіпкерлер палатасыныңмамандары.

Оқыту облыстыңбарлық аудандары мен қалаларында, оның ішінде Қарағанды қаласында да өтеді.Жоба нарықтық экономика жағдайында кәсіпкерлік қызметті жүргізу кезінде белгілібір ұғымдар мен құзыреттер шеңберін жүйелендіру үшін тәжірибелік тапсырмаларды,кейстерді, іскерлік ойындарды қолдана отырып, ҰКП әзірлеген материалдарбазасында өтпек.

Оқу мерзімі 25күннен аспайды. Бағдарламаға қатысушыларға стипендия төленеді және оқудыаяқтаған кезде әр қатысушыға сертификат табысталады. Бұл құжаттың көмегіменолар одан әрі грант пен жеңілдетілген несие алуға үміткер бола алады.

Барлық тілекбілдірушілер Қарағанды облысының Кәсіпкерлер Палатасының филиалдарына немесехалықты жұмыспен қамту орталықтарына, сондай-ақ елді мекендердің әкімдіктерінехабарласа алады. Жобаға қатысу үшін қатысушылар келесі құжаттарды тапсыруықажет: жеке куәліктің көшірмесі, мекенжай анықтамасы (egov.kz-тен) және жобағақатысу үшін өтінішті толтыру керек. Сондай-ақ бағдарламаға қатысу үшін 22-23шілдеде өтетін тестілеуден өту қажет.

Соңғы жаңалықтар