«Жеткіншектердің ата-аналары заңды бұзды. 6 күн ішінде ҚР ӘҚК 127 бабы бойынша баланы тәрбиелеу міндеттерін орындамағаны үшін 67 әкімшілік материал толтырылды», - делінген хабарламада.
Сонымен қатар, кәмелет жасқа толмағандарға қатысты 18 қорғау нұсқауы шығарылды.
Кәмелетке толмағандарға алкоголь және темекі өнімдерін сатудың 87 факті анықталды.
Ведомство ақпаратынша, түрлі құқықбұзушылықтарға барғаны үшін 338 кәмелетке толмаған жеткіншек полиция бөліміне жеткізілді. 214 жасөспірім түнгі уақытта ересектердің бақылауынсыз далада серуендеп жүрген жерінен ұсталды. 26 кәмелетке толмаған жасөспірім ұсақ бұзақылық жасап жатқан кезінде қолға түсті.
«Жасөспірім» жедел-алдын алу шарасы облыста 1 және 10 сәуір аралығында өтеді.