Қарағанды облысында жастар арасында жұмыссыздық деңгейі төмендеді

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қарағанды облысында өткен жылмен салыстырғанда жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 0,5% төмендеді. Ол жайлы облыс әкімдігінде өткен аппараттық жиналыс барысында жастар саясаты басқармасының басшысы Нұржан Жетпісбаев мәлімдеді, деп хабарлайды әкімдіктің баспасөз қызметі.

Басқармамамандары жұмысқа орналастыру саласында белсенді жұмыс жүргізуде. 2019 жылдыңбірінші тоқсанында жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 4,7%-ды құрады. Өткенжылдың осы кезеңімен салыстырғанда бұл көрсеткіш 0,5%-ға төмендеді.

Жастарға жұмысқаорналасуға жұмыспен қамту орталықтары үлкен көмек көрсетуде. Жыл басынан берібұл мекемеге 1190 адам жүгінген. Оның 267-і тұрақты жұмыс тапты. 565 адам қысқамерзімді оқыту курстарына жолдама алды.

Ауылда жастаркәсіпкерлігін қолдау үшін облыс әкімінің грантына байқау өткізілуде. 2019 жылыбұл мақсаттарға 10 млн теңге бөлінді.

«Жас кәсіпкер»жобасы аясында өз бизнесін бастағысы келетін жастарға 550 грант бөлінді.«Бастау Бизнес» жобасы аясында кәсіпкерлік негіздерін 29 жасқа дейінгі 315 адамоқып жатыр.

Сондай-ақ,ведомство балалар үйінің түлектеріне тұрғын үй беру мәселелерін белсендішешуде. Жыл басынан бері 45 жетім жаңа пәтер кілтіне ие болды. Оларды тұрғын үйсатып алу жөніндегі мемлекеттік бағдарламаларға қатысуға белсенді түрдетартады.

- Біз тұрғын үйқатынастары саласындағы мемлекеттік бағдарламалар бойынша ақпараттық-түсіндіружұмыстарына ерекше көңіл бөлеміз. «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» өкілдерімен,Қазақстандық ипотекалық компаниямен жүзден астам кездесу өткізілді. Сондай-ақ,біз «7-20-25» және басқа да бағдарламалардың жұмыс тетігін түсіндіреміз.Осындай кездесулерге 3500-ге жуық адам қатысты, - деді Нұржан Жетпісбаев.

Несие алу және өзісін ашу, қысқа мерзімді курстардан қайда өту және жұмыс іздеуде, тұрғын үйсатып алу бойынша көмек сұрап келген жастарға арнайы құрылған ақпараттықтоптардың мүшелері көмектеседі. Өңірде осындай 32 бірлестік жұмыс істейді. Олар28 мыңнан астам жастарға кеңес берді.

Соңғы жаңалықтар