Қарағанды облысында жастар туристік слеті өтті

Фото: None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды облысының Бұқар жырау ауданына қарасты Центральное ауылында жастардың туристік слеті өтті. Шараға аудандағы кенттерден, ауылдардан 10 команда қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Слет «Рухани жаңғыру»бағдарламасы аясында өтті. Аталмыш жиынды Бұқар жырау аудандық Дене шынықтыружәне спорт бөлімінің қолдауымен ауданның Жастар ресурстық орталығы ұйымдастырды.

Жарыс үш кезеңге бөлінді. Слеткеқатысушылар бірнеше сайыстарда бақ сынады. Шарт бойынша олар төрешілер алдынала белгілеген орында лагерь ұйымдастырулары тиіс болатын. Келесі сайысталабына сай командалар жорық жағдайында ерекше тағамдар дайындады. Сондай-ақжарыс барысында қатысушылар Қазақстанның географиясы, фаунасы және флорасы,Қарағанды өңірінің тарихы туралы викторина сұрақтарына жауап берді.

Жарыстың екінші кезеңі туристіккедергілер жолағынан құралды. Қатысушылар от жағу, барлық ережелер бойыншашатырды орнату және бөлшектеу, арқан түю, бөренелерді кесу, тауға көтерілу жәнеэстафетаға қатысты.

Қорытынды кезең сырттай өтеді. Қазыларалқасына қатысушылар 15 тамызға дейін туристік слеттің қалай өткені туралыфоторепортаждар ұсынуы тиіс. Үздік жұмыстар аудандық газетте және әлеуметтікжелілерде жарияланады.

Соңғы жаңалықтар