Қарағанды облысында жедел жәрдем жаңа жүйе бойынша жұмыс істейтін болады

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды облыстық жедел жәрдем стансасындағы фельдшерлерге 100 планшет сатып алынды. Бұл құралдар қолданыстағы АДАЖ жүйесіне (автоматтандырылған диспетчерлік ақпараттық жүйе) біріктірілген. Аталмыш гаджеттер, мамандардың айтуынша, шұғыл шақыртуларға жету уақытын 30%-ға қысқартуға көмектеседі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Пилоттық жобағаҚарағанды, Жезқазған, Сәтпаев және Балқаш қалалары қатысады. Планшеттерменжұмыс жүргізуді өңірде бір ай бұрын сынақтан өткізе бастады. Осы уақыт аралығындажедел жәрдем бригадасының жұмысы шынымен де жылдамдай бастаған.

«Біз уақыттыайтарлықтай үнемдейміз. Диспетчер жүйеге шақыртуды енгізеді, ол аталмышмекенжайға қай бригада жақын тұрғанын өзі анықтайды. Дәрігердің планшетінебарлық қажетті ақпараттар түседі, ол тіпті диспетчермен болған аудиохабарламаныда тыңдай алады», - дейді облыстық жедел медициналық жәрдем стансасының директорыЗүлфикар Әбілқасымов.

Шақырту картасы да бұдан былай электрондық форматта рәсімделеді. Оған дәрігер науқасқа берген дәрі-дәрмектер мен жасалғанманипуляциялары туралы ақпаратты енгізеді. Егер науқасты ауруханаға жатқызуқажет болса, онда бұл мәліметтер емдеу мекемесі науқасты қабылдауға дайын болуүшін қажетті аурухананың қабылдау бөліміне жіберіледі.

Планшеттер облыстыңірі қалаларында пайдаланылады, себебі автоматтандырылған жүйенің толыққанды жұмысістеуі үшін тұрақты интернет қажет. Бірақ болашақта жоба аудандар мен ауылдықокругтерде де жүзеге асырылады деп жоспарлануда.

Жедел медициналықжәрдем стансасындағы тағы бір жаңалық - реанимобильдердің түсі. Станциядиректоры Зүлфикар Әбілқасымовтың айтуынша, арнайы автокөліктер халықаралықстандарттарға сәйкес ашық-сары түске боялған.

«Әлемдік тәжірибекөрсеткендей, арнайы автокөліктер жолдарда ашық-сары түсте болса, көзге бірдентүседі. Біздің жүргізушілеріміз оларға жиі жол бере бастағанын байқаймыз. Бұл, әрине, жұмыс сапасын жақсартады және жетууақытын тездетеді», - деді жедел жәрдем станциясының жетекшісі.

Денсаулық сақтауминистрінің тапсырмасы бойынша облысымыздағы жедел медициналық жәрдем станциясыавтопаркінің арнайы машиналарының 90%-ға жуығы қайта боялды.

Қарағанды облысында130 жедел медициналық жәрдем бригадасы жұмыс істейді. Оның 8-і Жезқазғанда, 7-і Сәтпаев қаласында, 7-іБалқашта, 13-і Теміртауда. Сонымен қатар әрбір ауданда бір-бірден жедел жәрдем бригадаларықызмет етеді.


Жыл сайын облыстадәрігерлер 600 мыңнан астам шақыруларға шығады. Ай сайын өңірдің 60 000тұрғынына жедел медициналық көмек көрсетіледі. Күн сайын диспетчерлік пультке170-тен астам қоңырау келіп түседі. Қоңыраулар 4 санат бойынша бөлінеді.

ЖМК бригадасыныңпациенттің тұрған жеріне келген уақыты ЖМК диспетчерінен шақырту алған сәттенбастап:

1 санат жеделділік-10 минутқа дейін;

2 жеделділік санаты-он бес минутқа дейін;

3 жеделділік санаты-отыз минутқа дейін;

4 жеделділік санаты-алпыс минутқа дейін.