Қарағанды облысында жекеменшік тұрғын үйдің аумағындағы жазғы асүйі өртеніп, ер адам қаза тапты - ҚР ТЖМ

None
АСТАНА. 5 сәуір. ҚазАқпарат - Қарағанды облысы кенттерінің бірінде жекеменшік тұрғын үйдің аумағында орналасқан жазғы асүй өртеніп, бір ер адам қаза тапты, деп хабарлайды ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметінен.

Сәрсенбі, 4 сәуір күні Қарағанды облысының Шахтерский кентіндегі Екібастұз көшесінде орналасқан жекеменшік тұрғын үйінің бөлек тұрған жазғы асүйінде өрт болды.

Өрт аумағы 3 шаршы метрді шарпыды. Оны сөндіру кезінде 48 жастағы ер адамның мәйіті табылған.

Тілсіз жауды сөндіруге ҚР ТЖМ Қарағанды облысы бойынша ТЖД өрт сөндіру қызметі жеке құрамының 10 адамы мен 2 техникасы жұмылдырылған.