Қарағанды облысында жеңіл машина мен «КамАЗ» көлігінің соқтығысуы салдарынан 5 адам қаза тапты

АСТАНА. Тамыздың 21-і. ҚазАқпарат - Қарағанды облысының Шет ауданында, Алматы-Екатеринбор тас жолының 838-ші шақырымында, бейсенбі күні қайғылы қаза орын алды.

«Ауди» көлігінің     жүргізушісі   38 жастағы  Б.Ертісбаева  «КамАЗ» көлігімен  соқтығысып қалды.   Жол-көлік оқиғасының салдарынан  «Ауди» көлігінің  жүргізушісі  мен    оның төрт  жолаушысы: 1994 жылы туған Д.Ахмет, 1986 жылы туған А.Адамова, 1974 жылы туған  Р.Шалбаева,  1971 жылы туған  Х.Біләлов   қаза тапты.