«Қазіргі кезде 14 білім беру ұйымдары нысандарының құрылысы мен реконструкциясы жүріп жатыр. Приозерск қаласында 400 орынға арналған өнер және спорт мектебін қайта жаңғырту жұмыстары аяқталды. Жыл соңына дейін білім берудің жеті нысаны пайдалануға беріледі. Оның ішінде төрт балабақша, 600 орындық мектеп, 100 орындық жатақханасымен 200 оқушыға арналған кәсіби-техникалық лицей бар», - деді әкім. Белгілі болғандай, өңірде мектепке дейінгі білім беру ұйымдарымен қамту деңгейі 87,3 пайызды құрап отыр.
12:33, 24 Қазан 2014
Қарағанды облысында жеті білім беру нысаны тапсырылады - өңір әкімі
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қарағанды облысында жеті білім беру нысаны тапсырылады. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте осы өңірдің әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков мәлім етті.