2018 жылдың 29 наурызында кешкі 21:28-де Жаңаарқа ауданының ТЖ бөліміне Атасу кентінің тұрғынының жоғалғаны туралы хабарлама келіп түсті.
Іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу үшін Қарағанды облысының ТЖД бөлімшелері мен жергілікті тұрғындар жұмылдырылды.
З0 наурыз сағат 13:37-де Жаңаарқа ауданы Атасу ауылынан 6 шақырым қашықтықта жоғалған ер адамның денесі табылды.
Оқиғаның мән-жайы мен адамның қаза болуының себебі анықталуда. Аталмыш дерек бойынша сот-медициналық сараптама тағайындалды.