деп хабарлайды облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен.
Бұқар жырау атындағы ауданы аумағында Дубовка селосынан 1 шақырым жерде орын алған жол апатының салдарынан үш адам қаза тауып, тағы үш адам жараланды. «Оқиға орнында «Мерседес» көлігінің 59 жастағы жүргізушісі мен оның жолаушысы - 1975 жылы туған әйел қаза тапты. Сол көлікте келе жатқан 53 жастағы әйел алған жарақаттан Абай ауруханасында көз жұмды», деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметінен.
Зардап шеккендердің ішінде «Мерседес» көлігінде болған 15 жастағы қыз бала бар. Ол Сарань ауруханасына жеткізілді. «Мицубисидің» жолаушылары да зардап шеккен: 38 жастағы әйел мен 31 жастағы ер азамат түрлі жарақаттармен Абай және Сарань ауруханаларына жеткізілді.