Қарағанды облысында жол апатынан 5 адам қаза болды
Қарағанды облыстық Полиция департаментінен мәлім еткендей, 31 қаңтар күні сағат 23.50 шамасында «Қарағанды-Абай» тасжолында BMW автокөлігінің 35 жастағы жүргізушісі алдын ала болжам бойынша, рульге ие бола алмай қалған. Солай, жолдың қарсы бағытына шығып, 26 жастағы азаматтың басқаруындағы Chevrolet көлігімен соқтығысқан. Екінші машинаның ішінде 4 жолаушы болған.
«Жол-көлік оқиғасы салдарынан BMW автокөлігінің жүргізіушісі мен жолаушысы, сондай-ақ Chevrolet автокөлігінің 3 жолаушысы алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. Chevrolet-тің жүргізушісі мен тағы 1 жолаушысы түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жатқызылды. Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 4-бөлігіне сәйкес қылмыстық іс тіркелді. Тиісті сараптамалар тағайындалып, тергеу амалдары жүргізілуде», - деп хабарлады ПД баспасөз қызметінен.
Қарағанды облысының Полиция департаменті қарапайым жол жүру ережелерін сақтап, жылдамдықты шектен тыс асырмауды сұрайды.