19 ақпан күні Теміртау қаласынан 3 шақырым қашықтықта Астана қаласына бағыт алып бара жатқан «Ауди 100» автомобилінің 39 жастағы жүргізушісі өзге «Ауди 80» көлігімен соқтығысқан. Салдарынан «Ауди 80» автокөлігінің жолаушысы оқиға орнында көз жұмды, көліктің жүргізушісі әртүрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді.
Алдын ала болжам бойынша, «Ауди 100» автокөлігінің жүргізушісі жылдамдықты шектен тыс асырған.
«Теміртау-Астана» тасжолында болған жол-көлік оқиғасы бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 345 бабы 3 тармағына сәйкес сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазіргі уақытта тиісті сараптамалар тағайындалып, тергеу амалдары жүргізілуде.