Бұл туралы Қарағанды облысы ІІД-нің баспасөз қызметі хабарлады.
Жол-көлік апаты 15 шілде күні сағат 13.00-де Шет ауданында Ақшатау кентінен 20 шақырым жерде «Екатеринбор-Алматы» күре жолында болды.
Балқаш қаласына бағыт алған «Санг-Ионг» көлігінің сол доңғалағы жарылып, жыраға аударылып кетті.
Жол-көлік апатының салдарынан көліктің жолаушысы - 19 жасар бойжеткен, колледждің студенті оқиға орнында қаза тапты.
Әртүрлі жарақатпен 50 және 21 жастағы әйелдер, 5 және 12 жастағы балалар ауруханаға жеткізілді. Олардың барлығы Балқаш қаласының тұрғындары. Жол-көлік апатының фактісі бойынша тексеру амалдары жүргізілуде.