Қарағанды облысында жол-көлік апатында Қырғызстанның жеті азаматы зардап шекті, олардың ішінде бір бала бар
олардың ішінде 1 жасар қыз бала бар, деп хабарлады облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен.
Жол апаты сәрсенбі күні сағат 13.30-да Алматы-Екатеринбор тас жолының 740-шы шақырымында болды. «Тойота Превия» көлігінің жүргізушісі машинаны аударып алды. Оқиға салдарынан жүргізуші мен алты жолаушы Балқаш қаласының ауруханасына жеткізілді.
Естеріңізге сала кетейік, кеше таңертең дәл осы жолда осындай жол апаты орын алған еді. Алматы-Екатеринбор тас жолының 704-ші шақырымында «Тойота-Превия» көлігі аударылып, оқиға салдарынан 9 адам опат болды. Олардың бесеуі - Қырғызстан азаматы, біреуі- Ресей азаматы, үшеуі - Өзбекстан азаматы болған. Сондай-ақ оқиға орнынан Балқаш ауруханасына Қырғызстанның екі азаматы жеткізілген.