Қарағанды облысында жол-көлік оқиғасының салдарынан екі адам опат болды

АСТАНА. Желтоқсанның  20-сы.  ҚазАқпарат -  Қарағанды   облысында жол-көлік  оқиғасының салдарынан  екі адам   опат болды.

Бұл туралы Төтенше жағдайлар  министрлігінің баспасөз қызметінен  хбарлады.

Желтоқсанның 20-сында,  түнде  «Алматы-Екатеринбор» тас жолының 982-ші  шақырымында, Қарағанды  облысының  Абай ауданындағы Жұмабек  кентінің  тұсында «Мицубиси»  және  «КамАЗ» көліктері  соқтығысып  қалды.  Оқиға салдарынан «Мицубиси»  жеңіл  көлігінің  жүргізушісі мен жолаушысы  көз  жұмды.

КамАЗ  жүргізушісі -  Қырғыз Республикасының азаматы   мен «Мицубиси»  көлігінің басқа жолаушылары ауруханаға  түсті.