Қарағанды облысында автомобиль жолдарын ретке келтіру жалғасуда. 2020 жылға 32 жоба жоспарланған, оларды іске асыру 1500-ден астам жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді.
«Екінші бесжылдық аясында облыстық және аудандық маңызы бар 3 000 шақырымнан астам автомобиль жолдарында жөндеу жұмыстарын өткізу жоспарлануда. Бұл шамамен 7 500 жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді. 2025 жылға қарай облыстық және аудандық маңызы бар автожолдардың жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы үлесі 95%-ға дейін жеткізіледі. 2020 жылы 32 жобаны жүзеге асыру жоспарланып отыр, оның ішінде 20 учаскеге орташа жөндеу, бір жолға күрделі жөндеу, сондай-ақ жеті жол мен төрт көпірді қайта жаңарту жоспарлануда, - деп хабарлады Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Әскербек Халтонов.
Оның айтуынша, биылғы жылы облыстық және аудандық маңызы бар 533 шақырым автожол жөндеуден өтеді. Барлық жол нысандарында 1 500-ден астам жұмыс орны ашылады. Жыл қорытындысы бойынша жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы автожолдар көрсеткіші 84%-ға дейін артуы тиіс.
Новодолинка - Шахан - Молодецкое, Осакаровка - Молодежное, Қаражал - Атасу, Абай - Қарабас – Жартас - Долинка, Киевка - Шахтер - Пржевальское, Қарағанды - Үштөбе - Құрылыс.
Сондай-ақ, аппараттық кеңесте Қарқаралы мен Ұлытау аэродромдары құрылысының жоспары талқыланды. Жаңа құрылыс өңірдегі туризмді дамыту үшін қажет. Қазіргі уақытта техникалық-экономикалық негіздеме әзірленуде. Жобаларды іске асыру 2022-2023 жылдары белгіленіп отыр.