Қарағанды облысында жолаушылар пойызы өртенді

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысында Астанаға бет алған пойызда өрт шықты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Төтенше жағдай бүгін түсте орын алды.

«Бүгін сағат 12:22-де Сарыағаштан Астанаға бағыт алған жолаушылар пойызының вагонында өрт шыққаны туралы хабар келіп түсті», - деп хабарлайды «Қазақстан Темір Жолы» компаниясы.

Машинист Қарағанөзек-Қарабас аралығында «Қарағанды-Сортировочная» темір жолының 745-шақырымында пойызды тоқтатты.

Жалынды өңірлік ТЖ департаментінің өрт сөндірушілерінің көмегінсіз компанияның өз күші ауыздықтады.

Пойыздың құрамы өздігінен жолаушыларды эвакуациялап, өртке оранған вагонды тіркеуден ағытты. Өрттің жалпы аумағы 30 шаршы метр. 3 купе, қалқан, төсек-орын жабдықтары жанып кетті.