Ведомство мәліметінше, бүгін сағат 13-50-де Қарағанды облысының Нұра ауданына қарасты Талдысай ауылдық округының аумағында орналасқан «Қазхром» ТҰК» АҚ «Қазмарганец» филиалына қарасты «Тур» кенішінен 3 шақырым жерде 3 жүк көлігі қар құрсауында қалып қойған. Жүк көліктерін қар құрсауынан шығару барысында екі көліктің арасында 1956 жылы дүниеге келген азамат қысылып қалған.
«Зардап шеккен азаматты жедел ауруханаға жеткізу қажет болды. Зардап шегушінің шұғыл эвакуациялау үшін авиация жіберу туралы шешім қабылданды. Оқиға орнына Жезқазған қаласынан «Еуразия» АҚ-ның МИ-8 ұшағы медицина қызметкерлерімен және Қарағанды облыстық ТЖД үш құтқарушысымен ұшып шықты. Шұғыл қабылданған шаралардың нәтижесінде сағат 17-27-де зардап шегуші Жезқазған қаласына дін аман жеткізілді және медициналқ мекемеге жатқызу үшін жедел жәрдем бригадасына табысталды», - деп атап өтеді комитеттен.