Қарағанды облысында «Жомарт» кен орнында жұмысшы қаза тапты

АСТАНА. 30 мамыр. ҚазАқпарат - Қарағанды облысындағы «Жомарт» кен орнында жұмысшы қаза болды, деп хабарлады ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметінен.

Бүгін Қарағанды облысындағы «Қазақмыс» корпорациясының» «Жомарт» кен орнында өндірістік жұмыстарды жүргізу барысында электр жарақатын алып, 38 жастағы электр слесарші мерт болды.

Сондай-ақ сейсенбі, 29 мамыр күні осы кен орнында жару жұмыстарын жүргізу кезінде 45 жастағы геофизикалық сынақ жұмыстарының операторы жарақаттанып, ауруханаға жеткізілді.