Қарағанды облысында жүк пойызы КамАЗ-бен соқтығысуы салдарынан бір адам зардап шекті
12:33, 17 Қараша 2015
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысының Абай ауданында жүк пойызының КамАЗ-бен соқтығысуы орын алды, зардап шеккен бір адам бар. Бұл туралы аймақтық ТЖД-нің баспасөз қызметінен хабарлады.
«17 қараша күні сағат 06:05-те Абай ауданындағы Оңтүстік-Топар кенді басқару аумағының теміржол аралығында жүк пойызының КамАЗ-бен соқтығысуы орын алды. Оқиға салдарынан көліктің жүргізушісі зардап шекті», - делінген хабарламада.
Оқиға орнына Қарағанды облыстық ТЖД-нің жедел-құтқару жасағы тартылды. Оқиғаның пойыздардың жүруіне еш кедергі жасамағаны атап өтіледі.