Қарағанды облысында жүк пойызының 12 вагоны рельстен шығып кетті

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды облысының Мойынты станциясының маңында жүк пойызының 12 вагоны рельстен шығып кетті. Вагондарға бидай тиелген. Мамандар апаттың себебін анықтап, бір жолақ бойынша пойыздардың қозғалысын қалпына келтірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

1 ақпан күні сағат 13:55-те Мойынты – Сарышаған учаскесінде жүк пойызының 12 вагоны рельстен шығып кетті. Аталмыш составқа бидай тиелген болатын. Мамандардың айтуынша, жолдан шығып кетуіне вагондардың бірінің бүйір жақтауының сынуы себеп болған. Апат орнында Сары-Шаған, Шу және Балқаш станцияларының қалпына келтіру пойыздары жұмыс істеп жатыр.

«БП Жамбыл бөлімшесінің Мойынты – Сары-Шаған қос жолды учаскесінің Новалы станциясында бір жолдан поездардың қозғалысы қалпына келтірілді. Жөндеу жұмыстары жалғасуда», - деп хабарлады «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» АҚ баспасөз қызметі.



Фото: Instagram @kris_p_kz