Қарағанды облысында жүк вагоны жолдан шығуы салдарынан жолаушылар пойызы кестелерінен кешікті

АСТАНА. 30 желтоқсан. ҚазАқпарат - Қарағанды облысы Қарабас-Қарағанөзек стансысында құрылыс заттары тиелген жүк вагоны жолдан шығып кетті, соның салдарынан бірнеше жолаушылар пойызы кестелерінен кешікті,

деп хабарлады ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінен.

Таратылған ақпаратқа сәйкес, оқиға 29 желтоқсан күні 21 сағат 47 минутта орын алды. «Достық-Астана» бағытында бет алған №3457 жүк құрамына барлығы 28 вагон тіркеулі болған. Абырой болғанда құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Есесіне, «Астана-Алматы» бағытындағы №2 (испан) пойыз үш сағатқа, №10 пойыз - екі сағатқа және №36 пойыз 17 минутқа кестесінен кешікті.

Түнгі сағат екіде жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары толығымен аяқталды.