«Шахтинск қаласы ІІБ есірткі бизнесімен күрес басқармасының қызметкерлері кеше 34 жастағы тұрғынның үйінде (Долинка кенті) тінту жұмыстарын жүргізді. Тінту нәтижесінде 1 келі 75,349 грамм салмақта есірткі заты - «героин» анықталып, тәркіленді», - делінген хабарламада.
Бұл жігіт есірткі сақтағаны үшін бұған дейін де полицейлердің назарына іліккен, деп хабарлады полициядан.
Оның үстінен қылмыстық іс қозғалды. Ол уақытша оқшаулау абақтысына қамалды. Тексеру амалдары жүргізілуде.
«Бұл қылмыс үшін ол 12 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін», - деп хабарлады полициядан.