Қарағанды облысындағы бөгендерде қауіпті су деңгейіне байланысты ескерту жарияланды

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қазгидромет» РМК-і Қарағанды облысындағы бөгеттерде су қауіпті деңгейге жақындауына байланысты ескерту жариялады.



«Қарағанды облысында Шерубайнұра өзеніндегі Шопан гидрологиялық бекетінде су қауіпті деңгейге жақындау қаупі туындауда. Жаман-Сарысу өзеніндегі Атасу гидрологиялық бекетінде су деңгейінің қауіптілігі бұрынғысынша сақталады. 

 

6 - 7 сәуір Шерубайнұра, Жаман-Сарысу, Сарысу өзендерінде қауіпті жағдай сақталады»,- делінген синоптиктердің ескертуінде.